«Қолдың ұсақ моторикасын ойын және жаттығулар арқылы дамыту».
Балаға тәрбие мен білім беруде, бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстай алMayтын, түймесін түймелей алMayтын және бәтеңке бауын байлай алMayтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі.