Абралы аудан мектептерінің ұстаздарына арналған қалалық «Ашық есік күні»
Абралы аудан мектептерінің ұстаздарына арналған қалалық «Ашық есік күні»
28 наурыз 2017 жыл. Абралы аудан мектептерінің ұстаздары үшін №3 ЖОББ мектеп - кешенінде әдістемелік ашық есік күні ұйымдастырылды.Қатысушыларды оқушылардың домбыра ансамблі қарсы алды. Спортшылар каратэ техникасынан көрініс көрсетті, бастауыш сынып оқушылары арасындағы «Толағай» ойынын тамашалады. Арнайы құрылған маршрут бойынша қонақтар келесі интербелсенді алаңдарда: әдістемелік жұмысының көрмесі, ақпараттандыру бағдарламасын іске асырудағы мектеп мұғалімдерінің оқу-әдістемелік құралдарымен танысты; «Бәрін білетін кітаптар» кітапханалық сабағы, мектеп маңындағы «Күншуақ» лагері, оқушылардың ғылыми бірлестігінің отырысынан көріністерді көрді; оранжерея, ата-ана, мұғалім және оқушылардың шығармашылық көрмесімен танысты.
Келген қонақтар 9, 11 сынып оқушыларының түрлі мамандық иегерлерімен кездесу сәтінің, қол өнер үйірмесі отырысының куәгері болды. Үштілділік саясатын іске асыру мақсатында Назарбаев интеллектуалды мектебінің ағылшын тілі мұғалімі мистер Эддтің семинар –тренингіне, деңгейлік мұғалімдер қауымдастығының коучинг-сессиясына қатысты. Информатика мұғалімдері ұйымдастырған үйірме жұмысын тамашалады.
Абралыдан келген мұғалімдер мектеп ұжымына, оқушыларға алғысын білдірді.