«Дарындылар шеруі – 2025» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

21
май
2025

«Дарындылар шеруі – 2025»

2025 жылғы 21 мамыр күні №3 жалпы орта білім беретін мектепте жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Дарындылар шеруі – 2025» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – мектеп мақтанышына айналған, түрлі білім, өнер, спорт және ғылыми сайыстарда озық нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттап, олардың жетістіктерін кеңінен насихаттау болды.

Салтанатты жиында дарынды оқушылардың табыстары мен оларға жол ашқан ұстаздардың қажырлы еңбегі ерекше аталды. Сонымен қатар, түрлі кәсіби сайыстарға қатысып, жүлдері орындарға ие болған ұстаздар мен белсенді ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.
Дарындылар шеруі – бұл тек марапат кеші емес, сонымен қатар жас ұрпақты ынталандыратын, жігерлендіретін үлкен рухани демеу. Осындай шаралар арқылы оқушылар білімге, биік мақсаттарға ұмтылып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жол ашады.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее