18
январь
2021
Жас мамандардың онлайн кездесулері
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті химия факультетінің 2020 жылғы түлектері өзекті мәселені талқылады. Ұйымдастырған химия пәні мұғалімі Оразбеков Айбек Турганбаевич. Химия сабақтарында және сабақтан тыс іс шараларда полимерден жасалған тұрмыстық заттарды дұрыс пайдалану, оны сұрыптау және екінші мәрте қолдану жолдарын оқушыларға жеткізу туралы сұрақтар көтерілді.
Полимерлер бүкіл планетаны ластау үстінде! Оның басты себебі, адамдардың қоршаған орта жағдайына ұқыпсыз қарауында, өзінің жеке бас қалдықтарын жинамауында.
Енді оны қалайша шешуге болады? Бұл проблеманы шешу үшін 3 түрлі әдіс бар: полимерлерді өртеу, көміп тастау және қайта өңдеу. Өртеу бір жағынан өте зиянды, себебі қоршаған ортаға улы газдар бөлініп ғаламдық жылынуды ұлғайтады. Ал, көму кезінде барлық пластикалық қалдықтарды жою үшін өте үлкен аймақ керек,Полимерлердің қазіргі күнде қолданылмайтын саласы жоқ, тіпті, күнделікті дүкеннен алатын полиэтилен пакетінен бастап, сонау ғарыштық ракетаның аса маңызды бөліктері жасалады. Олардың ең басты қасиеті арзандығы мен химиялық тұрақтылығы. Олар шірімейді, табиғи ортада жүздеген-мыңдаған жылдар бойы жата береді.
Осы көкейкесті мәселелер оқушыларға дұрыс жеткізілуі абзал , олардың бойында сол заттарды пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянын азайту дағдыларын қалыптастыру керек екенін өздеріне айқындады.
Түлектер бүгін облыстың әр ауданында еңбек жолын бастап келеді. Бір бірімен байланысты үзбей тәжірибе бірге жинақтау жолы таңдалып отыр. Олай болса сәттілік тілейміз.