Қағаз қалдықтарын үй жағдайында қайта өңдеу әдісі » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Қағаз қалдықтарын үй жағдайында қайта өңдеу әдісі

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

20
январь
2021

Қағаз қалдықтарын үй жағдайында қайта өңдеу әдісі

Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу қаланың өзекті проблемасының бірі болып қалып отыр. Әлемдегі жеткеші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесінде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнімдерінің үштен бірі қайта өңдеуге пайдаланылады. Ал, бізде қоқыс өңдейтін кешендер саусақпен санарлық...
Қалдық қоқыстардың ішіндегі ең кең таралған қоқыс ол-макулатура, яғни қағаз қалдықтары. Осы қағаз қалдықтарын өңдеу және екінші рет пайдалану қалай жүретіндігін зерттей келе, біз қағаз қалдықтарын үй жағдайында қайта өңдеу әдісін ұсынамыз. 
Жұмыс үшін сіз әртүрлі қағаздарды ала аласыз: арнайы машиналарда (ұсақтағыштарда) жойылған құжаттар, ескі газеттер, жұмыртқа табақтары және т.б. 2-3 парақ қағазды шығару үшін шамамен 3-4 литр массаны қажет етеді. Қаншалықты жұқа қағаз керек болса, соғұрлым көбірек суды керек болады. Бояу үшін гуашьтан бастап кез-келген бояуды қолдануға болады. Жиналған қағаздарды кішкене бөліктерге бөліп, керекті ыдысқа саламыз, сумен толтырып, ол біртекті масса күйіне жеткенге блендермен араластырамыз. Қағаз целлюлозасы дайын болғанда, судың ағып кетуі үшін оны торлы жақтауға салып, торсыз жақтаумен жабылады. Кепкеннен кейін артық ылғалды алу үшін және түзету үшін үтікті қолданамыз. Алынған қағаздар әртүрлі заттар жасауға болды.
Осылайша, сіз қолданылған қағазға екінші өмір бере аласыз. Қазіргі кезде қолдан жасалған бұйымдар өте жоғары бағаланады, өйткені олар адам қолының жылуын сақтайды және баламасы жоқ. Қолдан жасалған қағаз туралы да осыны айтуға болады: оған деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бұл кішкентай жұмыс табиғатқа пайда әкелді деп үміттенеміз.







Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее