«Қоқысты сұрыптау» атты шағын электронды қосымша
Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мақсұтова А.Б «Қоқысты сұрыптау» атты шағын электронды қосымшаны әзірлеп, оқушылардың назарына ұсынды. Бұл қосымшаның көмегімен оқушы қоқыстың табиғатқа тигізетін зияны туралы, қатты қалдықтар жайлы, оларды не үшін және қалай сұрыптау қажеттігі туралы, үй жағдайында қоқысты қалай сұрыптау керектігі, контейнер түрлері туралы ақпараттармен таныса алады. Қосымша ноутбук және компьютер құрылғыларына жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, қосымшада оқушылардың практикалық жаттығулар орындап, білімдерін тексере алу мүмкіндігі бар. Бұл жаттығулар өте қызықты әрі тартымды безендірілгендіктен, балалардың есінде жақсы сақталады.

Мақалалар бөлімінде оқушылар мектеп ұстаздары мен оқушылары жазған мақалалармен таныса алады. Сол арқылы қатты қалдықтар жайлы көбірек мәліметке ие болады.

Видео бөлімінде мектеп оқушыларының осы тақырыпта жасаған видеороликтерімен танысады. Алдағы уақытта басқа да оқушылардың видео түсіруге ынталарын арттыруға септігін тигізеді.
