02
февраль
2021
Мектеп волонтерлері «Қалдықты бөліп жинау» тақырыбында ауылдық елді мекендермен кездесу өткізді.
Эко Асар акциясы аясында "Қалдықтары бөліп жинау" тақырыбында мектебіміздің волонтерлер тобының мүшесі Жомартова А.Р. ШҚО, Үржар ауданы, Барқытбел ауылында бірнеше үйлерін аралап, сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында ауыл тұрғындарына үйден шығатын қоқыстарды сұрыптау жөнінде кеңес беріп, қалдықтарды бөліп жинауға арналған жәшіктер қоюға ұсыныс білдірді. Осылайша волонтерларымыз жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қалдықты бөліп жинау туралы мәліметтер жүргізуді бастады.