01
март
2021
Макулатура қабылдау орталықтарын білесіз бе?
Күнделікті тұрмыста пайдаланған картон қаптамаларын, газет, журналдарды, кітаптарды, полиэтилендерді арнайы қабылдайтын орындарға өткізуге болатынын білесіз бе? Көбінесе пластикалық бөтелкелерді, әр түрлі қағаздарды қабылдайтын орындар болатынын естиміз. Бірақта, полиэтилендерді қабылдайтын орындар өзіміздің қаламызда да бар екенін жақын арада ғана білдім. Макалатура, полиэтилен, пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын орындар еліміз бойынша барлық қалаларда бар деуге болады. Соның ішінде, Семей қаласы бойынша үйлеріңізде әр түрлі қағаздар, полиэтилен қаптамалары, пластикалық бөтелкелер болып оны қайда қабылдайтынын білмесеңіздер, ұялы телефоннан олх қосымшасы арқылы, макалатура қабылдайтын орындар деп жазсаңыздар шығады. Әр түрлі қабылдау орындарына хабарласып, макалатураны өткізіп, өз пайдаңызға жаратуға болады. Бұл ақпаратымыз, сіздердің пайдаларыңызға жараса, қуанатын боламыз.






