8-сынып оқушыларымен «Қауіпті қалдықтар» онлайн талқылау сабағы өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 8-сынып оқушыларымен «Қауіпті қалдықтар» онлайн талқылау сабағы өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

15
март
2021

8-сынып оқушыларымен «Қауіпті қалдықтар» онлайн талқылау сабағы өтті.

Оқу мақсаттары:    10.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттық нақтылығын анықтау;
10.3.1.1 Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау
Сабақ мақсаты:    Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беру    Қауіпті қалдықтар туралы мәлімет алып, тапсырмаларды орындау
Ғылым мен техниканың, экономиканың дамуы ғаламшардағы экологияға қауіп төндіруде. Ірі мегаполис қалалар мен өндіріс орталықтары қауіпті қалдықты көп шығарады. Сондықтан олар экологияны ластаудың негізгі көзі болып отыр. Бұл - адам денсаулығына да қауіп төндіреді.    Қалдықтардың ішіндегі ең қауіптісі – радиоактивті қалдықтар. Радиоактивті қалдықтардың ешқандай құндылығы жоқ. Ол радиоактивті химиялық изотоптардан тұрады. Радиоактивтік қалдықтар ядролық отын, атомдық электростанцияларын, ядролық электронды қондырғы бар кемелерді пайдаланған кезде түзеледі. Кейде объектілер қолданыстан шыққан кезде пайда болады. Радиациялық апат кезінде жарылыс, өрт болуы мүмкін. Мұндайда төтенше жағдай жарияланады. Осыған орай қауіпсіздік шаралары жүргізіледі.    Радиоактивті қалдықтарды дұрыс сақтамаса, уақытында алып кетпесе, қоршаған ортаға қауіп төнеді. Оның сақталуын, дұрыс жеткізілуін мемлекеттік органдар бақылайды. Егер қауіпсіздік шаралары сақталмаса, өндіріс орындарына айыппұл салынады.
Қауіпті қалдықтарға химиялық заттарда да жатады. Оларды сұрыптап, қайта өндеу өте қиын. Оны өндеуге ақша жұмсамас үшін өндіріс орындары жақын жердегі су қоймаларына ағызады. Ондайда экологиялық апат болады. Су қоймаларына химиялық қалдықтарды құю барлық флора мен фаунаны, тіршілікті өлтіреді. Химиялық қалдықтар мұнай-газ өндірісінен, мерзімі өтіп кеткен медикаменттерден бөлінеді.















Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее