26
март
2021
Әлеуметтік желілер арқылы экологиялық мәселелерді насихаттау
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер кез келген мәселелерге адамдардың назарын аудартуда, көзқарастарын өзгертуде маңызы зор. Осыған орай мектеп инстаграм парақшасы арқылы қалдықтардың ыдырауы туралы викториналық сұрақтар ұсынылды. Мақсаты: қалдықтардың қоршаған ортаға зияны туралы адамдардың қаншалықты деңгейде білетінін анықтау.
Қалдықтар туралы осы төрт фактінің ішінен жалған біреуін табыңыз.
1. Тасталған 1 батарея 20 шаршы метр жерге немесе 400 литр суға «жұғуы» мүмкін.
2. Суға лақтырылған пакет онда 100 жылға дейін жүзе алады.
3. Жөргек өзінің табиғи ортасында 250 жылға дейін ыдырайды.
4. Көлемі 3 гектарға дейінгі полигон өзінен екі есе үлкен аумақты метан және көмірқышқыл газы сияқты зиянды заттармен улауға қабілетті.
Нәтижесінде жауап берушілердің көпшілігі дұрыс нұсқасын таңдау арқылы қалдықтар туралы түсініктері бар екендігін көрсетті. Пікір қалдырушылардың барлығына алғыс білдіреміз.