Қазан айының соңғы күндерінде 4-сыныптар арасында
«Алтын ұрпақ» интеллектуалды ойыны өтті. 4 «А» сыныбы «Тапқырлар», 4 «Б» сыныбы «Алғырлар», 4 «В» сыныбы «Ойшылдар» тобы болып, төрт кезең бойынша сайысқа түсті.
1-кезең « Қызық екен». Таблодан «Тұлғаны тани біл», «Сиқырлы сандар», «Ғажайып табиғат», «Сөз сыры» бөлімдерін кезектесе таңдап, сұраққа жуап берді. 2-кезең «Зерделі». Су мен сүт, су мен топырақ, су мен тұз ресурстарын пайдалана отырып, зерттеу жұмысына бағытталған эксперимент жасау тапсырмасын орындады, пікірлерін дәлелдеді. 3-кезең «Ертегілер елінде». Аудио-ертегі үзіндісін тыңдау арқылы ертегіні анықтап, оқиға желісін жалғастырды. 4-кезең «Құпия сандық». Жұмбақты шеше отырып, сандықшадан жұмбақтың жауабы көрсетті, жауабын үш тілде айтты.
Ойын соңында әділқазылар алқасы сөз алды. 1-орынды 4 «А» сыныбының «Тапқырлар» тобы, 2-орынды 4 «В» сыныбының «Ойшылдар» тобы, 3-орынды 4 «Б» сыныбының «Алғырлар» тобы иеленді. Оқушылардың таным белсенділігін арттыратын «Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойынын ай сайын өткізуді жоспарлап отырмыз.






