14
декабрь
2021
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қала мектептерінің оқушылары арасында волейбол жарысы.
2021 жылдың 14 желтоқсан күні «Тәуелсіздік таңы» атты 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қала мектептерінің оқушылары арасында волейбол жарысы өтті. Жарыстың мақсаты: Мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортпен үздіксіз айналысуға тарту. Волейбол спорттық ойынын кеңінен насихаттау, волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа қаламыздың №3, 8, 26, 37, 47 мектептері қатысты. Жарыс барысында № 47 ОМ - І орын, №26 ОМ - ІІ орын, №3 ОМ - ІІІ орын иеленді. Жеңімпаз командалар арнайы грамоталар және медаль, кубокпен марапатталды. Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!!!
