Республикалық дебат қозғалысының аясында Семей мен Алматы қаласы оқушыларының жолдастық кездесуі өтті /онлайн турнир/. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Республикалық дебат қозғалысының аясында Семей мен Алматы қаласы оқушыларының жолдастық кездесуі өтті /онлайн турнир/.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

28
январь
2022

Республикалық дебат қозғалысының аясында Семей мен Алматы қаласы оқушыларының жолдастық кездесуі өтті /онлайн турнир/.

2022 жылдың 28 қаңтар күні мектебіміздің «Новатор» дебат клубының ұйымдастыруымен онлайн форматта Алматы қаласының №128 жалпы білім беретін орта мектебінің «Әуезов жастары» дебат клубы ойыншылары арасында достық кездесу өткізілді. Пікірсайыстың ашылу рәсімінде «№3 ЖОББМК» КММ-нің директоры Н.Н.Ахметкалиев және №128 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Есдаулетова Ж.Д. сөз сөйлеп, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі.
Пікірсайысқа үкімет тарапынан "Әуезов жастары" дебат клубының жетекшісі Бекзат Рысбекұлы және 9 сынып оқушысы Муратова Айгерім қатысты. Ал, оппозиция тарапынан "Новатор " дебат клубының жетекшісі Еркежан Бауыржанқызы және 9 сынып оқушысы Кожабекова Адема қатысты.
Пікірсайыста спикерлер қазіргі тәрбие саласының өзекті мәселесінің бірі мектеп оқушыларын қоғамдық жұмысқа өз еріктерімен қатысуға тарту, азаматтық-құқықтық белсенділіктерін қалыптастыру және қоғам алдындағы жауапкершілік пен азаматтық борышты сезінуге қатысты тың пікірлері мен өз ойларын ортаға салды. Пікірсайыс қызу әрі тартысты өтті.
Ойын соңында №3 мектеп директоры Н.Ахметкалиев бүгінгі ойынға сараптама жасады. Пікірсайысқа қатысу арқылы біз 21 ғасыр оқушыларының бойындағы болуы қажет сыни ойлау, өзгенің пікіріне құрмет көрсету, өз ұстанымын дәйекті дәлелдеу, ақпарат іздеу және оны тиімді қолдану сияқты үздіксіз даму мен дипломатиялық құзыреттіліктер қалыптасатынына сенімді екендігін айта келе, пікірсайыс қазақ жастарының еліміздің іргесін берік, тәуелсіздігін құрметтейтін, жүрегімен сезініп, ақылымен шешім қабылдайтын ұрпақ болатынын көрсете білгендігін атап өтті.Сонымен қатар №128 орта мектеп әкімшілігін саналы ұрпақ пен өнегелі жастарды тәрбиелеуге бірге қызмет жасауға шақырды.
Бұл жолдастық кездесу-достық көпірі өз жалғасын табатынына сенімдіміз. Ақпан айында «Новатор» дебат клубы ойыншылары Астана қаласы мектептерінің дебат клубы ойыншыларымен достық кездесу турнирін өткізуді жоспарлап отыр.



 
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее