25
март
2022
"Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға" атты электронды кітап көрмесін оқырмандарға ұсынады
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 3 мектеп кітапханасы қазақ халқының ұлт - азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі мемлекет қайраткері, Алаш орда өкіметінің мүшесі А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты "Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға" атты электронды кітап көрмесін оқырмандарға ұсынады. Көрменің мақсаты: " Бір ел - бір кітап" акциясына ұсынылған қазақтың тіл білімінің іргетасын қалаушы, лингвист- ғалым, ағартушы педагог, тамаша ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін, бізге қалдырған мол мұрасын оқырман қауымға насихаттау.