02
апрель
2022
2- сәуір Халықаралық балалар кітабы күні.
Халықаралық кеңестің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне байланысты 2- сәуірді Халықаралық балалар кітабы күні деп бекітті. Мұның басты мақсаты- әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Атаулы күнге орай мектеп кітапханасы да оқырмандарына кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап қорындағы балаларға арналған әдебиеттерімен таныстырды







