16
апрель
2022
Кәсіби байқау жеңімпазы.
Облыстық "Бәсекелес педагог" атты байқауының қалалық кезеңінде жүлделі 3 орынды қазақ тілі мұғалімі жеңіп алды. Семей қаласының үшінші жалпы орта білім беретін мектеп- кешенінде еңбек етіп келе жатқан мұғалім Каримова Салтанат Кенесхановна тәжірибесімен бөлісті. Видеосабақтар мен шығармашылық тапсырмаларын жоғары деңгейде көрсете білді. Ұстаз оқушыларын жан -жақты болуын қалайды, білімдерін шындайды. Түлектері мен үнемі байланыста болып ақыл кенестерің осы күнге дейін беріп келе жатқан беделді ұстаз. Алда алар асулары көп болсын. Мектеп ұжымы осындай белсенді ұстаздарымен мақтанады.






