17
октябрь
2022
Ерлік сабағы
25 – қазан Республика күніне арналған 6 "А" жас сарбаз сыныбына «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» тақырыбында ерлік сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекетке қабілетті тұлға қалыптастыру. Ерлік сабағының қонағы - ауған соғысының ардагері Ахметов Манарбек Оразбекович өзінің басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп, оқушылар қойған сауалдарына жауап берді. Оқушылар осы ерлік сабағынан өздерінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі одан бетер жандана түсіп, елі, жері дейтін азамат болып өсетіндерін айтып өтті.
