"Білім - сиқырлы әлем" атты бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігінде үзіліс кезінде оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту мақсатында "Мың бір мақал..." ойыны ұйымдастырылды. Ойынға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.