24
ноябрь
2022
“Сұраулы сөйлем” тақырыбында ашық сабақ өтті
2 ”Б” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сұраулы сөйлем” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Божканова Лаура Бейбітқалиқызы. Сабақта әр түрлі әдіс- тәсілдер қолданылды. Атап айтар болсақ, өткен тақырыпты қайталауда ”Көңілді барабан” арқылы басталса, жаңа сабақ "Анаграмма" арқылы тақырып ашылды. Ойындар Wordwall платформасын қолдана отырып орындалды. Тапсырмалар оқушы қызығушылықтарын арттырса, “Лайк жинау” арқылы бағалау оқушыларды сабаққа белсендіруге өте ұтымды тәсіл болды."Ойлан, топтас", "Сыныптасқа сан сауал" жұптық жұмыстары да ұйымдастырылды. Quizzes платформасы арқылы сабақ қорытындыланды. Ұстаз өз біліктілігімен, шеберлігімен танылды. Заман талабына сай сабақ барысында АКТ кеңінен қолданылды.










