05
декабрь
2022
"Ағза аурудан қалай қорғанады?" тақырыбында жаратылыстанудан ашық сабақ
Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 3 "А" сыныбында мұғалімі Ш.Т. Нугуспанованың "Ағза аурудан қалай қорғанады?" тақырыбында жаратылыстанудан ашық сабағы өте жоғары деңгейде өтті. Өткен сабақ Кездейсоқ ұяшық әдісімен пысықталды. Жаңа сабаққа Мозайка әдісі арқылы балалар қызығушылықтарын таныта білді. Сынып 4- топқа бөлініп Төңкерілген оқыту әдісі арқылы балалар жаңа сабақпен өздігінен оқып танысты. Сабақтың әр кезеңінде интербелсенді : Менің денсаулығым тест жұмысы, нейро жаттығу, "Су- ли- фа (цу - е - фа) ойын әдістері қамтылды. Жұптық жұмысты оқушылар қызығушылығын арттыра орындады. Оқуға құштар мектеп жобасы аясында 5- минуттық оқу Спираль әдісі арқылы "Тұмаудан қалай қорғанады?" мәтінімен танысып кітап оқу минуты ұйымдастырылды. Зерттеу әдісі арқылы "Алақандағы микроб" анықталып зерделенді. Шындық - жалған әдісі арқылы балалар алған білімдерін бекіту жұмысы өте тиімді болды. Шар әдісі арқылы рефлексия жасалды. Үйге тапсырма ретінде QR код арқылы видеоролик тамашалап, әңгімелеу тапсырылды. Сабақ соңы Мұғалімнен сый дәмді дәрумендер таратумен аяқталды. Шынар Төленқызы шығармашыл, жаңашыл ұстаз екенін жоғары дәрежеде көрсете білді.
