09
декабрь
2022
2 "Б" сыныбында ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабақтар ZOOM платформасында өткізілді
8-желтоқсан күні 2 "Б" сыныбында ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабақтар ZOOM платформасында өткізілді. 17 бала платформаға қосылды, 4 бала watsapp желісімен тапсырмаларды орындады. Сынып оқушылары онлайн оқуға төселген. Бүгінгі болған математика, дүниетану қазақ тілі сабақтарында бейнероликтер мен презентациялар көрсетіліп, әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Математика, қазақ тілі сабақтарында Zoom тақтасын қосып, оқушылар тапсырмалар орындады. Пән мұғалімі: Божканова Лаура Бейбыткалиевна
