11
январь
2023
11 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ қашықтықтан оқытылды
1"А" сыныбында жаратылыстану сабағынан "Ғарыш әлемі" тақырыбы өтілді.Сабақтың мақсаты:ғарыш әлемімен танысады,астрономияның нені зерттейтінін білетін болады .Сабақта осы тақырыпқа байланысты слайд ,видео көрсетілді.Оқушылар ғарыш әлеміндегі әртүрлі қызықты мәліметтер туралы мағлұмат алды.Ең суық ғаламшар Уран , өмір сүруге ең қолайлы жалғыз ғарыш денесі Жер туралы білді.Сабақ тақырыбына байланысты әртүрлі қызықты тапсырмалар орындалды. Сабақты қорыту мақсатында тест жұмысы орындалды.Ата - аналар тарапынан балалардың сабаққа қатысуына мүмкіндік жасалды.Оқушылар қашықтықтан оқып жатса да,сабаққа белсене қатысып отырды.Сабақ Google Meet платформасы арқылы өтті.
Пән мұғалімі: Оразгалиева С.С.

Пән мұғалімі: Оразгалиева С.С.
