05
апрель
2023
3 "Б" сыныбында ағылшын тілі пәнінен ” By the sea” тақырыбында ашық сабақ өтті.
“Жарқын елдің шамшырағы- жас маман” он күндігі аясында жоспарға сай 3 "Б" сыныбында ағылшын тілі пәнінен ” By the sea” тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Жаңа сөздерді үйрету, табиғатты ластамауға, қорғауға баулу. Сабақтың басында оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында нейро жаттығулар орындалды. Сабақ барысында жаңа сөздерді үйрету мақсатында оқушыларға суреттер көрсетіліп, сөздік жаттады. Оқушылар жатталған сөздер бойынша “сөздерді тап” кестесі бойынша жеке тапсырма орындады. “ Wordwall” қосымшасы арқылы оқушылар суреттер мен жаңа сөздерді сәйкестендірді. Сабақтың ортасында көңілді сергіту сәті жасалды. Сабақты бекіту мақсатында “теңізді тазала” ойыны өтті. “Білім поштасы” арқылы оқушылар сабаққа кері байланыс жасады.
Пән мұғалімі: Мұхаметкалиева А. М.
Пән мұғалімі: Мұхаметкалиева А. М.