«Мен атамның ұлымын» мектепішілік байқауы. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Мен атамның ұлымын» мектепішілік байқауы.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

14
апрель
2023

«Мен атамның ұлымын» мектепішілік байқауы.

Ұлы халқымыздың  ұлылығын ұлықтап,   ұлттың уызына  қаныққан    ер балалар арасында «Мен атамның ұлымын» мектепішілік байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқауымыз Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай өткізілді. Байқауға 1 сынып оқушыларынан  8  үміткер  қатысып, бақ сынасты.
Бұл байқаудың мақсаты: жанұя бірлігін шыңдай отырып, ондағы ұл балалардың болашақ  шаңырақ  иелері екенін таныту, халқымыздың  салт-дәстүрін дәріптеу,  қоршаған ортаға дұрыс көзқарас  қалыптастыру, адамгершілік, отансүйгіштік  қасиеттерге тәрбиелеу, баланың еңбекке ынтасын күшейту, бос уақытты тиімді пайдалануды  ұйымдастыру болып табылады.
Байқау  қорытындысы бойынша 1 «Б» сынып  оқушысы Ризабеков Нұртілек «Бас жүлдеге» ие болып, қалалық «Мен атамның ұлымын» байқауына жолдама алды. 
Байқауға қатысқан барлық сайыскерлер мектеп директорының грамоталарымен марапатталды. Барлық жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз. Сайыскерлеріміз  алдағы уақытта еліміздің мақтанышы болар азаматтары   болатынына сенеміз.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее