Технологиясы:Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша "Кураторлық әдістеме". » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Технологиясы:Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша "Кураторлық әдістеме".

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

20
апрель
2023

Технологиясы:Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша "Кураторлық әдістеме".

1 " А" сыныбы
Пәні: ана тілі 
Технологиясы:Баршаға және жекеге арналған мектеп жобасы бойынша "Кураторлық әдістеме".
Тақырыбы:"Заттың қимылын білдіретін сөздер.Ағаштар."
Мақсаты:Қимылды білдіріп тұрған сөздерді орынды қолданып,мазмұнын жүйелі жеткізеді.
Сабақ психологиялық көңіл- күй "Амандасу әдісі" арқылы басталды.Сабақ барысында ұяшықты таңдау арқылы өткен тақырып бойынша алған білімдерін көрсете білді.Жұмбақтарды шешіп," Ағаштар " мәтінімен танысып,мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді."Сәйкестендіру ойыны" арқылы жұптық жұмыс жасалды.Сурет бойынша заттың қимылын білдіретін сөздерге мағыналы  сөйлем құрап,тақтаға сауатты жаза білді. Әр қатарға  топтық жұмыс берілді.
1- топ суреттерді заттың қимылын білдіретін тиісті сөздермен сәйкестендіру,2- топ мәтін ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып,сұрақ қою,3- топ  заттың қимылын білдіретін сөздерді тиісті себетке салу арқылы топтық жұмысты белсене орындады. 
Сабақ соңында " Ноутбук әдісі " арқылы рефлексия жүргізіліп, сабаққа белсене қатысқан оқушыларға медальондар берілді.  
Пән мұғалімі: Оразгалиева С.С.

Похожие публикации:

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее