28
сентябрь
2023
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту» тақырыбында сабақ өткізілді
«Баршаға, әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында «Кураторлық әдістеме» технологиясымен 4 «Б» сыныбында математика пәнінен «Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ өткенді қайталау ретінде «Карта» ойыны арқылы басталды. Сабақ барысында жұптық, топтық, өздік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы орындалып отырды. «Ашық микрофон» арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, қорытындыланды.
Пән мұғалімі: Сарсембинова М.К.

Пән мұғалімі: Сарсембинова М.К.
