03
октябрь
2023
Биыл әйгілі ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл!
Сұлтанмахмұт қазақ әдебиеті тарихындағы есімі дара аталатын ақындардың бірі. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғұмырын ұлт руханияты жолына сарп етті. Ол жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ әдебиетінің өрісі кеңейіп, тынысының ашылуына үлкен екпін берген дара таланттардың бірі болды. Биыл әйгілі ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл! Ақынымыздың шығармашылығын насихаттап, жастардың рухани танымын кеңейту мақсатында “Поэзия әлемі” клубы ақынның өмір жолымен қатар шығармашылығынан “Қазақ тілі” өлеңімен танысып талдау жұмыстары жүргізілді.
