29
сентябрь
2023
"Адалдық" тақырыбы бойынша апталық челлендж өтті
☝🏻15-30 қыркүйек аралығында "Адалдық" тақырыбы бойынша 1-11 сынып оқушылары арасында ақын-жазушылардың "адалдық" жайлы өлең шумақтарын жалғастыру, насихаттау барысында апталық челлендж өтті. Апта қорытындысы белсенділігімен ерекшеленді. Оқушылар адалдықты ту еткен ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқып қана қоймай, мақал-мәтелдермен өрбітті!
☝🏻Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
☝🏻Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.
#құндылықтарғанегізделгенмектеп