Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Бүлдіршін Қажымұратқызы курс барысында алған кәсіби құзыреттерін оқу процесінде қолдану мақсатында семинар-тренинг өткізді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Бүлдіршін Қажымұратқызы курс барысында алған кәсіби құзыреттерін оқу процесінде қолдану мақсатында семинар-тренинг өткізді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

01
ноябрь
2023

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Бүлдіршін Қажымұратқызы курс барысында алған кәсіби құзыреттерін оқу процесінде қолдану мақсатында семинар-тренинг өткізді.

«Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Бүлдіршін Қажымұратқызы  курс барысында алған кәсіби құзыреттерін оқу процесінде қолдану мақсатында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында білім берудегі аналитиканың мақсаты мен міндеттерін, аналитикалық жұмыстың принциптері мен құралдарын айтып өтті. Пән бойынша оқу сапасының деңгейін анықтау үшін деректерді талдау әдістерін таныстырып, білім сапасын арттыру және оқыту тәжірибесін жетілдіру бойынша шешімдер қабылдау үшін ағымдағы бақылау деректерін талдау жолдарын көрсетті. Білім беру деректерін талдауда цифрлық құралдарды қолдану мүмкіндіктерін таныстырып өтті. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өзінің БЖБ, ТЖБ талдауын мысал ретінде көрсетіп мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісті болуы үшін аналитикалық талдаудың қажеттілігін жан-жақты түсіндірді.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее