01
ноябрь
2023
Мектебімізде серіктес мектеп ұстаздарының қатысуымен «Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Мектебімізде серіктес мектеп ұстаздарының қатысуымен «Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға серіктес мектептер №26, «Ақбұлақ» ОМ ұстаздары және мектебіміздегі зерттеу топтары ұстаздары қатысты. «Жетекші мектеп» координаторы – А.Курмашева мектепте атқарылып жатқан «Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы жайлы қысқаша мәлімет берді. Мектеп тренері – Ш.Нугуспанова «Lesson Study – сабақ зерттеудегі тиімді әдіс» тақырыбында зерттеу сабақтарының ерекшеліктеріне тоқталды. Ағылшын бірлестігі жетекшісі – Ш.Амирова қатысушылармен «Тәжірибе – таным көзі» тақырыбында зерттеу сабақтарына байланысты практикалық жұмыс жүргізді. 6 «А» сыныбындағы зерттеу жұмысын жүргізіп жатқан ұстаздар: А.Бағдатова, Б.Абдрахманова, А.Шарифуллина, А.Ибрай «Зерттеу тобы жұмысының тиімділігі» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. «Оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдер арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында 6 «В» сыныбындағы зерттеу тобы ұстаздары: А.Жумадилова, Б.Мунтаева, А.Нұрланқызы ұтымды шығып жатқан әдіс-тәсілдерімен бөлісті. «Lesson Study тәсілі арқылы оқушылар белсенділігін арттыру» тақырыбында 7 «Б» сыныбындағы зерттеу тобы ұстаздары: Г.Исбаева, Ж.Секей, Е.Калиев сабақтан кейінгі оқушылармен жүргізілетін сұхбаттың өзектілігіне тоқталды. Информатика пәні ұстаздары: Э.Нургалиева, Ж.Муратова «Mentimeter. com» платформасы арқылы кері байланыс жүргізді. Семинар соңында сөз алған қонақтар тәжірибелерімен бөліскен әріптестеріне ризашылықтарын білдірді. Қатысушыларға сертификаттар және кәдесый берілді.


