10
ноябрь
2023
«АЛТЫН ТҰҒЫР» республикалық математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
Олимпиаданың мақсаты – мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін мен педагогикалық шеберлігін дамыту. Қалалық «АЛТЫН ТҰҒЫР» математикалық олимпиадасына мектебімізден үш ұстаз қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.Бастауыш сынып мұғалімдері Шиянова Айгуль Заманбековна, Кутешова Жадыра Сериккалиевна жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алса, Нугуспанова Шынар Туленовна ІІ орын жүлдегері атанды. Олимпиада мұғалімдерге шығармашылық тұрғыдан шыңдалуға, математикалық сауаттылықтарын жетілдіруге мүмкіндік берді. Ұстаздарымызды үздік нәтижелерімен құттықтаймыз!


