14
ноябрь
2023
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты квест ойыны
2023 жылдың 14 қарашасында «Математика, физика және информатика» пәндік әдістемелік бірлестігі апталығына орай мұғалімдер арасындағы
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты квест ойыны өткізілді.
Мақсаты: мұғалімдер арасындағы ұйымшылдықтарын нығайту, танымдық іс-әрекеттерін арттыру, тез ойлана білу және дұрыс шешім қабылдауға ықпал ету.
Квест ойыны 3 кезеңнен тұрды.
1- бекет. «Білімді информатик»»
2-бекет. «Математикалық терминдер алаңы»
3-бекет. «Қызықты физика әлемі»
Ойын барысында мұғалімдерден құрылған топ мүшелеріне бағыт парақтары табысталып, орналасқан бекетті табу мақсатында әр топтарға тапсырмалар жасырылған конверттер берілді. Бекеттердегі құпияланған тапсырмаларды шеше отырып, келесі бекеттерге барады. Сонымен қатар теңгенің қолданысқа енгеніне 30 жыл толуына орай бекеттердегі тапсырмаларды орындай жүріп, тәуелсіз қазақ елінің төл теңгесі туралы құнды мағлұматтарды жинақтады. Ойын соңында бағыт парақтарындағы жазбаларды ескере отырып, қорытынды шығарылды. Қатысушылар сыйлықтармен марапатталды!