23
ноябрь
2023
"ROBOTIME" интелектуалдық сайысы
2023 жылдың 17 қарашасы күні «Әлемнің үш тірегі» атты МИФ бірлестігінің апталығы аясында 6 сыныптар арасында "ROBOTIME" интелектуалдық сайысы өткізілді. Мақсаты: миф апталығында информатика пәндерінен алған білімі мен дағдыларын практикада қолдану. Сайыс барысында қатысушылар бірлесе отырып, тапсырмаларды топ ішінде талдап, шешімдерімен бөлісті.Тапсырмалар функционалдық сауаттылыққа, логикалық тапсырмаларға, алған білімдерін практикада қолдануға негізделген. Ойынға барлық оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті. Сайыс соңында топтар мадақтамамен марапатталды.
