“Мағжан сенген жастармыз” үйірмесі » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » “Мағжан сенген жастармыз” үйірмесі

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

14
март
2024

“Мағжан сенген жастармыз” үйірмесі

“Мағжан сенген жастармыз” үйірмесіндегі жас сарбаз сыныбының оқушысы Сабиканов Темірлан “ Жазды күні қалада” өлеңі
Қала, рас, өнер-білім қайнаған жер,
Тұтқын ғып надандықты байлаған жер,
Егілген ескіде өнер ағашының
Жемісі, қызыл гүлі жайнаған жер.
Білемін, білсем-дағы көне алмаймын,
Қалаға шын көңілім бере алмаймын.
Қаншама өзімді өзім зорласам да,
Тән рақат, жаным шат боп жүре алмаймын.
Себебі, жыбырлаған жанын көрсем,
Бір еркін дем алдырмас шаңын көрсем,
Әсіресе, өз еркіңмен жүргізбейтін
Құрылған қолайсыз тар заңын көрсем,-
Түседі сол мезгілде ойға дала,
Жүгірген жалаң аяқ шақта бала,
Шалқар көл, қалың орман, ну тоғайлар,
Жайнаған түрлі гүлмен кең-кең сала.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее