02.04.2024 “Поэзия әлемі” клубы III тоқсанда өз жұмысын жалғастырады. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 02.04.2024 “Поэзия әлемі” клубы III тоқсанда өз жұмысын жалғастырады.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

02
апрель
2024

02.04.2024 “Поэзия әлемі” клубы III тоқсанда өз жұмысын жалғастырады.

02.04.2024 “Поэзия әлемі” клубы III тоқсанда өз жұмысын жалғастырады. 
Жаңа тоқсанды Абаймен Мұхтарды дүниеге алып келген киелі өлкенің тумасы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қалқаман Сариннің шығармашылығымен бастаймыз. Қаламгердің шығармалары жастар арасында да, аға буын өкілдері арасында да кеңінен танымал. Қалқаман Сарин - тәуелсіз кезеңдегі қазақ әдебиетінің белді өкілі. Оның сөзіне әндер жазылып та, ол ел арасына таралып та жүр. Қазіргі қазақ ән өнерінің мазмұнын дамытуға да Қалқаман Сариннің өзіндік сіңірген еңбегі бар. Себебі, әншейін ырғаққа құрылған әуен мен құрған сөзден құралған ән халықтың поэзияға деген талғамын түсіріп жібереді. Ақын шығармашылығын тек қана бірқырынан қараған дұрыс емес. Қалқаман ақынның поэзиясы сан қырынан танылады. Кез келген өнер адамының өсу, жетілу, шарыққтау шегіне жеткен тұсы бар. Қалқаман ақын да ос ызаңдылықпен жетіліп, өсіп, шақытап келеді.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее