29
май
2024
«Жазғы мектеп»-тің үшінші күні
«Жазғы мектеп»-тің үшінші күнінде ұстаздар оқу материалдары мен ресурстарды мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды ұсынды. Оқушылар оқуды ойынмен ұштастыра отырып, қызықты материалдармен жұмыс жасады. Үзіліс кездерінде шахмат, үстел үсті ойындары, спорттық ойындар ойнауға мүмкіндік алды.






