20
ноябрь
2024
"Туған өлкем- туған тарих" тақырыбында өткен өлкетану оқуы
Мектеп оқушыларының ғылыми бірлестігі жоспарына сай 19 қараша күні 7"А"-сыныбы оқушылары Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде "Туған өлкем- туған тарих" тақырыбында өткен өлкетану оқуына қатысты. Мақсаты: Ұлы ақын - Абай Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен танысу, ақындығы мен композиторлығын тану, Абай шығармаларын сүйіп оқуға, асыл мұрасындай қадірлеуге баулу. Оқушылар музейде Абайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы, туған-туысқандарының материалдарымен, ізбасарларының шығармаларымен, фотосуреттерімен танысты. "Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы" залында Ұлы Абайдың 1933 жылы Қызылорда қаласында араб тілінде жарық көрген "Қара сөзі" кітабын, 1945 жылы шыққан өлеңдер кітабы мен шығармалар жинағын, ақын-сазгердің жекелеген әндері жазылған күйтабақтарын, Абай ақын жырға қосқан жыл мезгілдерінің картиналарын тамашалады. Оқушылар тағылымы мол шарадан рухани толысып қайтты. Жетекшілері: тарих пәні мұғалімі – Б.Б.Айтмуханова.
[media=https://youtube.com/shorts/1FVUWpEZM4E?si=_D1sY8mOMQE4VQkI]
