21
ноябрь
2024
МИФ бірлестігі апталығының аясында 21.11.2024 күні 8 "В" сыныбында геометрия пәнінен ашық сабақ өтті.
МИФ бірлестігі апталығының аясында 21.11.2024 күні 8 "В" сыныбында геометрия пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: "Пифагор теоремасы". Сабақтың басы ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында “Шаңырақ” әдісі арқылы 4 топқа бөлінді. Психологиялық ахуал тудыру мақсатында "Менің қалпағым" әдісі қолданылды. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында Learningapps бағдарламасында кроссворд шешті. Сабақтың ортасында "Ноутбук" әдісі арқылы "Joyteka" платформасы арқылы топтық жұмыспен квест ойыны жалғасын тапты. Ойынға оқушылар қызығып қатысып отырды. "Joyteka" платформасын қолданып, қалыптастырушы бағалау ретінде тест жұмысы жүргізілді. Әр оқушы сабақтың басында берілген бағалау парағын толтырып отырды. Сабақ соңында "Көңіл күй" әдісі арқылы кері байланыс беріліп, ең көп ұпай жинаған әрі сабаққа белсене қатысып отырған оқушылар бағаланды.
Пән мұғалімі: Багдатова А.Б.

Пән мұғалімі: Багдатова А.Б.
