22
май
2025
«Бастауыштан – орта буынға» педагогикалық консилиумын өткізді.
2025 жылдың 22 мамыры күні мектеп әкімшілігі, 4-сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, мектеп психологтары және 5-сыныпта қабылдап алатын сынып жетекшілерінің қатысуымен «Бастауыштан – орта буынға» педагогикалық консилиумын өткізді. Негізгі мақсат – бастауыш сатыны аяқтағалы отырған білім алушылардың орта буынға қиындықсыз бейімделуін қамтамасыз ету. Сөз алған сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, психологтар сыныптағы білім алушылардың денсаулығы, тұлғалық дамуы, әлеуметтік жағдайына тоқталды, сыныптар туралы толық мәліметтер берді. Мектеп әкімшілігі 4 сынып оқушыларын кешенді тексеру нәтижесі бойынша сараптама қорытындымен таныстырды. Қатысушылар жаңа оқу жылында оқушыларды қолдап, орта буынға бейімделуге оң ықпал етуге уәделесіп тарқасты.

