06
ноябрь
2020
Қоқысты бөліп жинауға арналған жәшіктер
«Эко Асар» акциясы аясында мектебіміздің бірінші және екінші қабатына қоқысты бөліп жинауға арналған қоқыс жәшіктері орналыстырылды. Кезекші сынып оқушылары осы жұмыс арқылы қоқысты бөліп жинаудың маңыздылығын үйреніп жатыр. Қоқысты бөліп жинауға арналған жәшіктерді орналастырудағы басты мақсат – оқушы бойларына экологиялық мәдениетті қалыптастыру.









