10
ноябрь
2020
1"А" сынып "Экология әліппесі " сабағы
1"А" сыныбында "Экология әліппесі " сабағында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы тақырыбына жазылған өлеңдерін оқып талдадық. Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат лирикасы болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Сынып оқушылары Абайдың табиғат туралы өлеңдерінен үзінділер оқыды.