Қамқорлық акциясы
Біздің бүгінгі қоғамда иманды, жанашыр, өз құндылықтарын құрметтейтін парасатты жандар аз емес. Соның бірі № 3 мектеп жанынан құрылған волентерлер. Біліммен қоса ар –ұятты бойларына ұялатқан жеткіншектердің ел игілігі үшін атқарып жатқан істері ұшан – теңіз.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» - дегендей қазіргі жастардың бойынан имандылық пен қатар елге деген құрмет сияқты қасиетті юайқау қиын емес. Біздің басты мақсатымыз өресі биік, пайымы кең иманды ұрпақтың үлгісін көрсету.
Жаны жаралы жанжардың жасын сүртіп, жылы лебіз білдірген, мектебіміздің үлкен – кішісінің игі бастамасын арқалап келіп отырмыз .
Қайырымды болу, жақсылық жасау бұл – имандылықтың, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Кең болсаң- кем болмайсың »дегендей адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулып отырған.
Біз қайырымдылық жасауға бағытталған іс – шаралардың нәтижесін көріп отырмыз. 2020 жылдың 04 ақпан күні балалар үйіне дайындаған сыйлығымызға қоса, ауласын қалың қардан тазалап, игілікті іске қолдау көрсеткенімізді мақтан етеміз.






