10
сентябрь
2021
"Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары" атты тақырыпта қыздар жиналысы
10.09.2021 күні 7-8 сынып қыздарына "Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары" атты тақырыпта қыздар жиналысы өткізілді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Қ.З.Шиянова, мектеп психологтары А.М.Рамьянова және А.А.Сапарова қыз бала бойындағы инабаттылық, сыпайылық, мейірімділік,сабырлылық,ақжарқындылық құнды қасиеттер екенін түсіндіріп, мағлұмат беріп өтті. Адамды ақ жолға жетелейтін жеті жетекші бар екенін және де қыздарға арналған 40 тыйым сөздермен таныстырды. Жиналыс соңында қыздар өзара пікір алмасып, ата бабаларымыз берген тәрбие мен қазіргі заман тәрбие айырмашылықтарымен ой бөлісті.






