03
ноябрь
2022
Күзгі каникул кезінде мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда.
Күзгі каникул кезінде мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда. Бастауыш сынып оқушылары кезекті демалыс күндерін өте қызықты өткізді. Таңғы жаттығу "Ине жіп" қозғалыс ойынымен жалғасын тапты.Ең сүйікті ертегілерін жандандырып, қуыршақ театрында өздері рөлдерді ойнап "Бауырсақ" ертегісін сахналады. Осы ертегінің кейіпкерлерін ермексаздан мүсіндеп жинақтап әр топ өз жұмыстарын жарнамалады. Балалар бүгінгі лагерь күнінде жақсы көңіл - күймен қайтты.
