15
ноябрь
2023
"Болашаққа бастар жол"тақырыбында 10 сынып ұлдарымен тәрбие сағаты.
АӘТД пән мұғалімі Оразбаев С.К. ұйымдастыруымен Ауған қақтығысының ардагері Талғат Асқынұлының қатысуымен "Болашаққа бастар жол"тақырыбында 10 сынып ұлдарымен тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Сондай - ақ оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттандырарлықтай жауаптарын алды. Оқушылар осы тәрбие сағатынан кейінгі әсерлерімен бөлісіп, Талғат Асқынұлына өз ризашылықтарын білдірді.


