Мектепте жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті
Мектепте жалпы республикалық педагогикалық кеңес өтті
2020 жылғы 19 тамызда сағат 11.00-де №3 мектеп-кешенінде жалпы республикалық педагогикалық кене өтті.
Педагогикалық кеңес тақырыбы:2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру.
Негізгі мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар ақпаратпен педагогтерді хабардар ету
Өткізу форматы: қашықтан. Қатысушылар:әкімшілік, педагогтер.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1) жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3) 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
4) қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) педагог имиджі және этикетті сақтау;
5) мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет - платформасымен танысу;
6) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?
Оқытудың тиісті форматы анықталды және педагогикалық ұжым қабылданған шешімдер туралы ақпарат алды. Мектеп директоры оқыту форматын таңдауды түсіндірді. 1-4 сынып педагогтарына 1-4 «кезекші сыныптардың» жұмыс істеу ережелері түсіндірілді.
Мұғалімдерге форматты таңдау себебі, форматтағы оқу ережелері, оның ерекшеліктері түсіндірілді.
Қосымша білім беру ресурсі ретінде қазақ тіліндегі «Балапан», орыс тіліндегі «Ел Арна» телеарналарында теле сабақтар ұсынылатындығы хабарланды.
Қашықтан оқыту процесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта да өтуі мүмкін екені талқыланды.
Педагог қашықтан өткізетін сабақты ұйымдастыру кезіндегі талаптар айтылды.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері туралы ұсыныстар талқыланды.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге арналған ұсыныстар, ата-аналардың және білім алушылардың жауапкершілігі туралы сұрақтар қаралды.