13
ноябрь
2020
«Қашықтықтан оқыту жағдайында оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы вебинар
13 қазан күні «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында серіктес мектептер арасында вебинар өткізілді. Вебинарға №3, 15, 18, 26, 40 орта мектептерден 50-ге тарта ұстаз қатысты. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі – Хаджимова М.С. «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы білім кепілі», информатика пәні мұғалімі – Камбарова А.К. «Заманауи мүғалімнің видео сабақ құру құралдары», ағылшын тілі мұғалімі – Мақсұтова А.Б. «Видеосабақты Movie maker бағдарламасында әзірлеу», ағылшын тілі мұғалімі – Мұхаметқалиева А.М. «Видеосабақтарды әзірлеуде қолданылатын қосымшалар» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинардан кейін әріптестер арасында кері байланыс жасалды.


