Қоқысты сұрыптау тақырыбында ақпараттар.
Мектебіміздің эковолонтерлер құрамындағы ұстазымыз Исбаева Г.Д. қалдықтарды бөліп сұрыптау тақырыбында өзі тұратын аудандағы дүкен, кафелерге ақпараттар насихаттады. Мақсаты, дүкен, кафелерден қағаз, пластик, шыны қоқыстары көп шығады және олардың экологияға зияны өте көп екенін ескере отырып, қала дүкендеріне, кафелеріне баруды жөн санаған. Осылайша экологиямызды таза ұстауда эковолонтерлеріміз өз үлесін қосуда.