Мектепте «Бақытты, табысты бала тәрбиелеу» атты тренингтер өтті » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » Мектепте «Бақытты, табысты бала тәрбиелеу» атты тренингтер өтті

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

26
февраль
2020

Мектепте «Бақытты, табысты бала тәрбиелеу» атты тренингтер өтті

Мектепте «Бақытты, табысты бала тәрбиелеу» атты тренингтер өтті

Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Біздің мектеп мұғалімдері Алматы қаласында Халықаралық «Зерна» атты Амонашвилидің ізгілік педагогикасына арналған фестивальге қатысып келіп, ұжым ұстаздарымен 22 ақпан күні арнайы кездесуде өз ойларымен  бөлісті. Гуманизм- латынның “Нumanitas” – адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін білдіреді екен. Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі. Осы бағытта жұмыс атқаратын Шалва Александрович Амонашвили – ынтымақтастық педагогикасын насихаттаушы жаңашыл педагогтардың бірі. Ол мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақыратындығын жеткізді.

«Мен ұстаз» өлеңінде Ш.А. Амонашвили: Мен – Махаббат және Адалдық, Сенім және Шыдамдылық. Мен – Қуаныш және Ортақтастық, Мұң мен Ортақтастық. Мен – Шындық пен Жүрек, Ар мен Намыс. Мен – Іздеуші және Сыйлаушы, Кедей және Бай. Мен – Мұғалім және Оқушы, Тәрбиеші мен Тәрбиеленуші. Мен – Жол көрсетуші мен Өмір суреткері. Мен — Балалықтың қорғаны мен Адамзат бесігі. Мен – Келешектің жарқыны мен Осы шақтың алауы, - дейді Ш.А.Амонашвили. Ұстаздың осындай талпынуы аса маңызды екенін түсінуге болады. Ол – бұрыңғы және қазіргі заманғы ұрпақтардың рухани құндылықтары мен бала арасындағы дәнекерші. Адамгершілік қасиеттері бар ұстаз балаларды білімге үйрете отырып, сонымен қоса, оларға өзінің мінез-құлқы арқылы ықпал етіп, балалардың көз алдында адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі болып көрінеді. Бала үшін мұғалімсіз білім жоқ, тек ұстазына деген махаббаты арқылы ғана бала білімнің қызықты әлеміне аяқ басады.Кіші жастағы оқушылар үшін ең беделді адам, оқушының шамшырағын жағар тұлғасы ол – ұстазы болып табылады. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.

Мектеп ұстаздарына Ш.Т. Нугуспанова, Л.Н. Оспанова, С.С. Оразгалиеваға  мұғалімдер алғысын білдірді.




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее