06
ноябрь
2019
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп – кешені» КММ
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізуін тексерудің қорытындысы
«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы, мектеп директорының 2019 жыл 2 қыркүйектегі №260 бұйрығы негізінде 2019 жылдың 26 қыркүйек күні мектептегі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Ең бастысы тамақтандырудың сапасын тексеру басшылыққа алынды.
Тексеру жүргізгендер:
1)Ата-аналар комитетінің төрайымы: Сикымбаева Л.М.
2)Смагулова А.М.– директордың ТІЖО
3)Кожахметова Б.К. – мектеп медбикесі
4) Сағынтаева А. – әлеуметтік педагог
Тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
Мектеп асханасының санитарлық гигиеналық жағдайы
Күнделікті бекітілген ас-мәзірінің болуы
Тамақ өнімдерінің сапасы
өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері
мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізілуі тексерілді.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы:
2019-2020 оқу жылы бойынша мектептегі 834 оқушының 834-ы ыстық тамақпен қамтылған, ақысыз ыстық тамақпен, яғни Мемлекеттік Жалпы оқу қорынан бөлінетін қаражатты бөлу Ережесінің 4 тармағы 1 тармақшасы негізінде аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету үшін мектебіміз бойынша 138 оқушыға және 11 оқушы арендатор көмегімен ыстық тамақпен қамтылған. Олардың күнделікті асханадан ақысыз ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог А.Сағынтаева қадағалайды.
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы, азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелер, азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген ас мәзірі бойынша тағамдар дайындалуда. Тәуліктік сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген. Ата – аналар мен басқа бақылаушылар тарапынан «Шағымдар мен ұсыныстар» журналы арналған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Оқушылардың мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылуы оқушылардың жалпы санының - 100 % құрайды. Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешімі:
1.Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2.Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3.Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
4.Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде.